Жаңалықтар
1 мин оқу 231

Дәрігерлік көліктер саны көбеюде

Шалғай ауылдардың тұрғын­дарына, әсіресе, қыста ем-дом алу үшін ауруханаларға қатынау қиын. Осыны ескерген болу керек, жергілікті басшылық аймақтың денсаулық сақтау саласына 45 млн. теңгеге жаңа автокөліктер алып берді.

Шалғай ауылдардың тұрғын­дарына, әсіресе, қыста ем-дом алу үшін ауруханаларға қатынау қиын. Осыны ескерген болу керек, жергілікті басшылық аймақтың денсаулық сақтау саласына 45 млн. теңгеге жаңа автокөліктер алып берді.

– Бұл  – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырма­ларды және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы ауылдық жерлерде дәрігерлік көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыс­тарымыздың бірі. Жаңа басталған жыл ішінде бірнеше дәрігерлік нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде, – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Х.Нұрғалиева көлік тапсыру сәтінде.

Облыстың аудан-қалаларына бөлінген бұл көліктер аймақ ден­саулық сақтау саласының әлеуетін арттыру, «Жедел жәрдем» қыз­ме­тін дамыту үшін берілген көмектің бірінші бөлігі, екінші бөлігі – республикалық бюджеттен бөлінген 30-ға тарта реа­нимобильдер. «Жедел жәрдем» стансаларына арналған бұл көліктер медициналық құрал-жабдықтармен толық  жарақтандырылған. Ал кілті алдымен қолға тиген 15 «УАЗ»  облыс орталығынан өздері бөлінген аудандарға аттанып кетті, қабылдап алушылардың айтуынша, олар одан әрі шалғай ауылдарға жіберілмек.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Бөлісу:
Дәрігерлік көліктер саны көбеюде · Egemen Qazaqstan