TOKYO2020
1 мин оқу 191

Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар жарысының қола медалін болгариялық Георгий Вангеловпен сарапқа салды. Қазақстандық балуан 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін Нұрислам Санаев жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равиге есе жіберген. Ал ширек финалда жапон Юки Такахасиден басым түссе, 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді. 
Бөлісу:
Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды · Egemen Qazaqstan