Петропавлда 12 жасар бала суға батты
<p style="text-align: justify;">Петропавлда ата-анасының қарауынсыз өзенге шомылуға барған бала суға батты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> СҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.</p>
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16.00 шамасында орын алған. Петропавлдағы 20-ықшамауданы маңынан ағатын Есіл өзеніне шомылуға барған 2009 жылы туған жасөспірім суға батты.
Бала өзенге үлкендердің қарауынсыз барған. Оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірімнің денесін жедел-құтқару отрядының мамандары судан алып шықты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
СҚО-да жыл басынан бері суда осымен 19-шы адам қаза тапты. Мерт болғандардың бесеуі – бала.

