Оқиға
1 мин оқу 765
БҚО-да жол апатынан әкімдік қызметкері қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Жол апатында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 35 жастағы қызметкері қаза болды. Қызметтік көлік жолда аударылып қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Полиция департаменті Орал-Шыңғырлау тас жолындағы апат 4 тамызда болғанын хабарлады.
«Апат салдарынан «Нива» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші жарақат алды. Қазіргі уақытта факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану) бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», деді БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Тимур Майранов.
Бөлісу:
