Аймақтар
1 мин оқу 1,022

Атырауда елден шығып кетпеген шетелдікке айыппұл салынды

Атырауда өзбекстандық әйелге елден шығып кетуден жалтарғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда елден шығып кетпеген шетелдікке айыппұл салынды

Атырау қалалық әкімшілік сотында  Өзбекстан Республикасының азаматшасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) айып тағылды.

«Сотта Өзбекстан Республикасының азаматшасы 2020 жылғы 6 қарашада заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарғаны анықталды. Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматшасы кінәлі деп танылып, оған 51 048 теңге мөлшерінде айыппұл салынды» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу: