Атырауда «қызыл» мәртебемен қыдырған 27 адамның тізімі жарияланды

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «қызыл» мәртебесі бар 27 адамның тізімі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, «қызыл» мәртебемен қыдырып жүргендердің арасында 21 адам Атырау қаласында тіркеліп отыр. Ал, Жылыой, Қызылқоға, Мақат, Индер аудандарында – 1, Махамбет ауданында 2 адамнан «қызыл» мәртебе анықталған.
«Бұлар – коронавирус инфекциясымен сырқаттанған және науқаспен қарым-қатынаста болғаны үшін үй жағдайында оқшауланған адамдар. Алайда, олар 14 күнге өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған. Сол себептен, «қызыл» мәртебесі бар 27 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралыКодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.