Түркияға бауырластық көмек
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді, деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.</p>

Қазақстандық тікұшақтар өткен сенбіде ұшып шықты және үш мемлекетте тоқтап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына ұшып жетеді. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды. Біздің құтқарушыларымыздың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі үйлестіреді.
Сондай-ақ Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады.
«Егемен-ақпарат»
