Аймақтар
1 мин оқу 550
Ақтөбеде көлік жүргізушісі өзінің бір жасар баласын қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымдарының бірінде жазатайым оқиға орын алды. Әкесі баласын көлігімен қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«48 жастағы ақтөбелік өз үйінің ауласында тұрған «Opel Astra» автокөлігін айдап, 2020 жылы туған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала бас-ми жарақатын алып, шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті жолда, әсіресе аулада қырағы болуды сұрайды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды көлік жүретін жолда ойнатпаңыз», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бөлісу:
