Аймақтар
1 мин оқу 720
ШҚО-да тағы өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер дала өртімен күресіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Semey News ақпараттық порталы мәлімдеді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Күршім ауданындағы ашық алаңдағы шөптің өртенуі кеше 14:00 шамасында басталған. Өрт әп-сәтте 40 га алаңға шарпыды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.
«Өртпен күресуге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 13 адам, 2 бірліктегі техника және орман шаруашылығынан 11 адам, 3 бірліктегі техника, жергілікті атқарушы органнан 1 су тасығыш, 2 трактор және 25 тұрғын жұмылдырылды», деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.
Бөлісу:
