Елорда мектептерінде оқу жылы қалай басталады?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта жоспарланған. Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы жаңа оқу маусымы басталғанға дейін барлық білім беру ұйымы Ashyq жүйесіне қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Бұл оқу орындарына карантин кезінде оқу үдерісін дәстүрлі форматта жалғастыруға мүмкіндік береді», деді департаменттегілер.
2021-2022 оқу жылында барлық сынып дәстүрлі форматта оқиды деп жоспарланған. Бұл ретте, басқарма мәліметінше, бәрі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
«Барлық білім беру ұйымы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді. Оқу кезінде мектептерде күнделікті дезинфекция, тазалау жұмыстары жүргізіледі. Мектепке кіреберісте оқушылардың дене қызуы өлшенеді, ЖРВИ белгілері бар оқушылар оқуға жіберілмейді», делінген хабарламада.
