Семейде металл өңдейтін цех өртенді
<p style="text-align: justify;">10 тамыз күні сағат 07:37 шамасында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне шаһардағы ЖШС-лардың бірінде өрт шыққаны жайлы хабарлама түскен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer"></a></p>
Жалын металл өңдейтін цехтен шыққан.
«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде киім ауыстыратын бөлмедегі ағаш шкафтар жанып жатты. Сондай-ақ цехтың ішін түтін тұмшалап алған. Өрт сөндірушілер көп ұзамай 30 шаршы метрге жайылған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.
Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарының апаттық режимінен немесе өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан болуы мүмкін», деп хабарлады ведомство өкілдері.
