Алматыға Vero Cell Қытай вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Vero Cell Қытай вакцинасының бірінші партиясы Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Эйр Астана» Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын Бейжіңнен тікелей тасымалдады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты СК-Фармация тапсырыс берген екі рейспен бір миллион доза вакцина жеткізілді»,деп хабарлады авиакомпания.
Вакцинаның бірінші партиясы бүгін сағат 12:30 -да Алматы әуежайына жеткізілді. Екінші рейс 11 тамызда сағат 13:20-ға жоспарланған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы салмағы 20 тонналық медициналық жүк 72 сағатқа дейін тасымалдауға мүмкіндік беретін температуралық режимді сақтай отырып, термиялық контейнерлерде жеткізілді.
VeroCell - инактивтелген вакцина. Ол бірнеше елде сынақтан өткізілді. Клиникалық сынақтардың 3-кезеңі вакцинаның 21 күн аралықпен берілген екі дозасы 79% тиімді екенін көрсетті.

