Қазақстан
1 мин оқу 590

Сәкентау

<p style="text-align: justify;">Халқымыз оты құнарлы, суы мол, табиғаты көр&shy;кем, талай талантты тұл&shy;&shy;ғалар туған &ndash; Баян&shy;ауыл&shy;ды &laquo;құт қонған жер&raquo; деп дәріптейді. Осы өңірде дауылпаз ақын, мемлекет және қо&shy;ғам қайраткері Сәкен Сей&shy;&shy;фулиннің есімімен ата&shy;латын тау бар.</p>

Сәкентау

Биылғы маусым айында астанадағы ардақты ақын атын­дағы музейдің директоры, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, осы өлкенің тумасы, Пар­ла­мент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы екеуі барып, Сәкентауын өз кө­зімен көріп қайтады.

Несіпбек Айтұлының айтуынша, Сәкен атамыз 1918 жылғы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң тұтқындалып, 1919 жылы Петропавл түрме­сіне жіберілгені белгілі. Со­дан ол 47 күн бойы атаман Анненковтың «ажал пойызымен» Омбыға барғанда Кол­чак түрмесінен қашып, туған ауылына келе жатқанда Баян­ауылға тоқтап, аялдаған.

− Бірақ ақынның Баян­ауылға келгенін ақтың адамдары біліп қалып, оның ізіне түседі. Алайда ел азаматтары тұғырлы тұлғаны осы тауға апарып, біраз күн бағып-қағады. Сәкен ағамыз Баянауылға бекер келмеген, ақынның анасы – осы жердің қызы. Сондықтан ол кісі на­ғашыларын сағалап келсе керек. Аталған тау атақты Сұл­­танмахмұт ауылының ір­гесінде, Торайғыр көлінің жаға­сында тұр. Бір қарағанда, киіз үй секілді көзге ерекше кө­рінеді. Соны жергілікті жұрт ақынның құрметіне «Сә­кен­тау» деп атап кеткен, − дейді Несіпбек аға.

Бөлісу:
Сәкентау · Egemen Qazaqstan