Антына адал Олеся

Гиппократтың антына адалдық деген осы да. Жаздың басында Өскемендегі ОВ 156/1 фельдшері Олеся Александровна сотталған Н есімді азаматшаны Алматы қаласындағы жазасын өтеу орнына ертіп апарысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеткен соң азаматшаны Алматыдағы тергеу изоляторына орналастырып, орталыққа қарай бет алғаны сол, көшенің бір шетінен көмек сұрап айғайлаған дауысты естиді.
Дауыс шыққан жаққа жетсе, өтіп бара жатқан адамдар ес-түссіз жатқан жас әйелді көріп, көмекке шақырған екен. Тәжірибелі медицина қызметкері Олеся әйелдің эпилепсиямен ауыратынын бірден түсінген. Дереу орындыққа жатқызып, тілі тайып кетпеуі үшін басын қырындатқан. Эпилепсия ұстамасы ұзаққа созылған. Өскемендік фельдшер көпшіліктің көмегімен әйелді жарақаттанып қалудан қорғап қалған. Тергеу изоляторының маңайында ұялы байланыс ұстамайтындықтан жедел жәрдем шақыру да қиынға соққан. Тек 15-20 минуттан кейін ғана құрысулары азайып, әйел есінен танып қалған. Олеся болса, қолдан келген көмегін көрсетіп, әйелді өз-өзіне келтірген.
Кеән белгілі болғандай науқас сонау Тараздан тергеу изоляторында отырған күйеуіне келген екен. Өзі бес жылдан бері эпилепсияға шалдыққан. Уайым көбейген сайын, ауруы да асқына берген. Екеуі әңгімелесіп отырған сәтте эпилепсия ұстамасы тағы қайталаған. Бірақ фельдшер дереу бетін қайтарған.
Өзге қаладан келген әйелдің жағдайын байқаған Олеся мәселелерін шешіп беруге көмек қолын созып, жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханада құрысып-тырысуға қарсы препараттар егіп, есін әбден жиғызған. Алайда, ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Себебі ауылына оралуы керек еді. Тараздық әйел Олесяға алғысын жаудырды.