Түркістан облысында той жасағандар жауапқа тартылды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында карантин талаптарын ескермей той-жиын өткізу тыйылмай тұр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-toj-zhasaghan-ush-turghyn-zhauapqa-tartyldy/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап. </p>

Осындай дерек бойынша облыстың үш тұрғыны жауапқа тартылды. Жаппай тәртіпсіздіктің алдын-алу мақсатында Созақ АПБ-ның қызметкерлерінен карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында мобильді топ құрылды. Олардың бірі күндізгі сағат 15:00 шамасында 50-ге тарта туыстарын жинап, тұсау кесу тойын өткізген. Қалған екі тұрғын 60-тан астам адамды жинап, беташар тойын жасаған.
Тәртіп сақшылары аталған жайттарды ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Созақ аудандық СЭББ-ге жолдады. Созақ ауданында жыл басынан бері карантин режимін бұзып, түрлі той-жиын өткізген 130 жайт анықталған.
