Қазақстан
1 мин оқу 641
Алматы облысындағы әскери бөлімшеден сарбаз қашып кетті
<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімінен қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі ағымдағы жылдың 9 тамызында сағат 21.30 шамасында әскери қызметке дайындық үшін келген 6655 әскери бөлімінің (Ақтөбе) әскерге шақырылушысы әскери қалашықтан рұқсатсыз шығып кеткенін мәлімдеді.
«11 тамызда сағат 02.35-те «Алтын Орда» базарындағы 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сарбазды ұстады. Оның бөлмшеден кетіп қалу себебі әскери қызметпен байланысты емес. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қызметтік тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Ұлттық ұлан.
Бөлісу:
