Оқиға
1 мин оқу 350
Оралда 20 жастағы жігіт суға батып кетті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды.
Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған.
Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.
Бөлісу:

