Ресейде тікұшақ құлады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ресейдегі Камчатка аймағында бортында 13 турист пен 3 экипаж мүшесі бар Ми-8 тікұшағы құлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</span></p>
«12 тамыз күні, Мәскеу уақытымен сағат 00.50-де Кроноцкое қорығының Курильск көлі аумағында «Витязь-Аэро» компаниясының Ми-8 тікұшағы жерге қатты қонғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, бортта 13 турист пен 4 экипаж мүшесі бар. Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының тікұшағы мен Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы аттанды», деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі Камчатка бойынша Мемлекеттік басқармасының баспасөз қызметі.
Тікұшақтан зардап шеккендерге көмектесу үшін Камчатск өлкесіндегі іздестіру-құтқару жұмыстарына 45 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
