Әлем
1 мин оқу 630

Қытайда су тасқынынан 21 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Қытай орталығындағы Хубэй провинциясында нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, 21 адам қаза тапты. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.inform.kz/kz/kytayda-tagy-su-taskyny-bolyp-21-adam-koz-zhumdy_a3823479" target="_blank" rel="noopener noreferrer">ҚазАқпаратқа</a> сілтеме жасап.</p>

Қытайда су тасқынынан 21 адам қаза тапты

Табиғи апат салдарынан, әсіресе, таулы аймақта орналасқан Хубэй провинциясының Суйсянь уезіндегі Люлинь кенті зардап шекті.

Бір тәулікте бұл жерде 503 мм көлемінде жауын-шашын түскен. Қытайлық БАҚ мәлімдемесіне сәйкес, нөсер жауын салдарынан Люлинь кентінде 21 адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалды. Апат салдарынан Люлинь кентінің 8 мың тұрғыны зардап шекті. Сондай-ақ 2,7 мың құрылыс ғимараттары зақымданған. Жолдарды су басып, 63 көпір және 700-ден астам электр бағанасы бүлінген. Қазіргі кезде мұндағы автомобиль қозғалысы, байланыс және электрмен жабдықтау әлі қалпына келтірілген жоқ.

Бөлісу: