Оқиға
1 мин оқу 340

Жамбыл облысында екі бала суға батып кетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Жамбыл облысында екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Сәбденов ауылында 11 және 8 жастағы екі жасөспірім арнайы жабдықталмаған жерде шомыламын деп, суға батып кетті.

Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғындар судан балалардың денелерін шығарып алған.

«Қайғылы оқиға туралы хабарлама құтқару қызметіне сағат 19.00-де келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД-ның 3 қызметкері 1 техникамен және аудандық полиция бөлімінің 10 қызметкері 5 техникамен шықты. Қазіргі уақытта өлімнің мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстық ТЖ департаменті ата-аналардан өздерінің ата-аналық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды және балаларын су айдындарындағы қауіпсіздік жөнінде қарапайым ережелерді үйретуді сұрайды.

Бөлісу:
Жамбыл облысында екі бала суға батып кетті · Egemen Qazaqstan