Атырау облысында 9 жасар баланы көлік қағып кетті

Мақат ауданында велосипедпен келе жатқан 9 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Мақат ауданында болған.
«Мақат аудандық полиция бөліміне 12 тамызда сағат 19:00-де Мақат кентінде велосипедпен келе жатқан баланы көлік қаққаны хабарланған. Жасөспрімді «Тoуota SIENNA» автокөлігімен қағып кеткен 53 жастағы азамат анықталды. Оқиға орнында 2012 жылы туған бала есін жимастан қайтыс болған. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.