Бақшасында қарасора өсірген Қызылордалық ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының тұрғыны өз бақшасында есірткі өсімдіктерін өсіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/ru/zhitel-kyzylordinskoj-oblasti-vyrashhival-konoplyu-v-svoem-ogorode/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 тамызда «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 53 жастағы қала тұрғынының ауласынан есірткі өсімдіктерін анықтады.
Тексеру барысында күдіктінің жеке үй аумағында өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдіктер өсіргені және сақтағаны анықталды. Сондай-ақ оқиға орнынан заттай дәлел ретінде өсімдіктерді суаруға арналған 15 метрлік шланг тәркіленді.
Сот сараптамасының нәтижелері бойынша салмағы 15 кг-нан асатын 23 түп өсімдік мөлшерінде алынған қарасора, ал жасыл түсті өсімдік тектес 329 граммдық зат - «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 2-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
