Шығыс Қазақстанда 890 тонна шөп өртеніп кетті
<p style="text-align: justify;">Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері 890 тонна шөпті сөндірді. Өрттың шығу себебі - отқа ұқыпсыз қарау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Тек соңғы екі аптаның ішінде Катонқарағай аймағында - 14 тонна, Жармада - 92 тонна, Үржарда - 12 тонна шөп жанып кеткен.
Алтай аймағында тасымалдау кезінде тіркемеде сақталған 1 тонна шөп өртенсе, Глубокое ауданында жеке үй аумағында 11 тонна шөп өртенді.
«Өрттердің себебі – отқа ұқыпсыз қарау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске сақтауды сұрайды», деп жазылған баспасөз хабарламасында.
