Тәліптер бұрынғы шенеуніктерге рақымшылық жариялады
<p style="text-align: justify;">«Талибан» радикалды қозғалысы бұрынғы үкімет құрамында жұмыс істеген шенеуніктерге рақымшылық жариялап, мемлекеттік мекемелердің қызметін қайта қалпына келтіруге шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a>«<a href="https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/493210-t-lipter-b-ryn-y-sheneunikterge-ra-ymshyly-zhariyalady" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Хабар 24-ке</a>» сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы тәліптердің мәліметін алға тартып «Франс пресс» агенттігі хабарлады.
Құжатта «бұрынғы үкімет қызметкерлері еш алаңсыз қалыпты өмірге оралуына болады» делінген.
Айта кетейік, тәліптер бұған дейін бұрынғы билік өкілдері мен күштік құрылым өкілдеріне кек қайтармайтынын хабарлаған. Сондай-ақ әйелдерге жұмыс істеу мен білім алуға құқық берілетінін жариялады.
