Қазақстан
1 мин оқу 3,360

Еліміздің үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 18 тамызға арналған ауа райын болжамына орай, үш облыста дауылды ескерту жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі бар.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз күші облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: