Әлем
1 мин оқу 342
ЮНЕСКО Ауғанстандағы ескерткіштерді қорғауға шақырды
<p style="text-align: justify;">ЮНЕСКО халықаралық қауымдастықты Ауғанстандағы мәдени мұра объектілерін қорғауға шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«ЮНЕСКО Ауғанстандағы оқиғаларды мұқият қадағалап отыр және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҰҰ жүйесіндегі серіктес агенттіктермен жұмыс істейді. Ауғанстанның бай және сан алуан мұрасы - барлық адамзат үшін ерекше құндылық. Олар сақталуы керек», деді ұйымның баспасөз өкілі Том Малар.
Бұл бірінші кезекте Ауғанстанның Кабулдағы Ұлттық мұражайы, Газнидегі Ислам өнерінің мұражайы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектілері - Джем мұнарасы мен Бамиан аңғарындағы мәдени ландшафт пен археологиялық олжалар.
Бөлісу:
