Ауа райы
1 мин оқу 1,545

Елімізде алдағы күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет РМК синоптиктері 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандардың айтуынша, республикада қалыпты ауа райы күтіледі. Антициклон әсерінен Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.

«Тек шығыс пен оңтүстік-шығыстан фронталь бөліктер өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады және екпінді жел соғады. Ауа температурасы күндіз солтүстікте 23-30 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-40 градус, орталық пен шығыста 17-35 градусқа дейін көтеріледі», делінген хабарламада.

Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады, ауа температурасы 32-41 градус болады.
Бөлісу:
Елімізде алдағы күндері ауа райының қандай болатыны айтылды · Egemen Qazaqstan