Аймақтар
1 мин оқу 180
Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысына қытайлық «Vero Cell» вакцинасының 52 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық «QazVac», Sinopharm компаниясының «HayatVax», қытайлық «Coronavac» және «Vero Cell» вакцинасымен егіле алады.
Аймаққа COVID-19-ға қарсы вакциналардың 736 460 дозасы жеткізілді. Бүгінгі таңда I компонентпен 686 742 адам, немесе 96%, II компонентпен - 531 942 адам, немесе 80% егілді.
Бөлісу:
