Нұр-Сұлтанда қандай вакциналар қол жетімді?
<p style="text-align: justify;">Елордада 100-ге жуық КВИ-ге қарсы егу пункті бар, вакцинаның үш түрі қолжетімді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Қала тұрғындары қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналарын ала алады.
Елордада бүгінде таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істейтін 100-ге жуық егу пункті бар. Халықты коронавирусқа қарсы егу қаланың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында және сауда үйлерінде жүргізіледі. Олардың қатарында «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк», «Сарыарқа», «Еуразия» сауда ойын-сауық орталықтары мен «Мечта» сауда үйі бар.
Егу пункттерінде барлық вакцина жеткілікті мөлшерде бар.
Сонымен қатар елордалық денсаулық сақтау басқармасы азаматтарға екпенің екі кезеңін де бір пункте өтуге кеңес берді.
