Коронавирус
1 мин оқу 291

«Vero Cell» вакцинасы Маңғыстауға да жеткізілді

<p style="text-align: justify;">Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев Маңғыстауға Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өңірге Sinofarm компаниясының 10 мың дана Vero cell вакцинасы келді. Бұл Вакцина ҚР Үкіметінің №850 қаулысымен бекітілген COVID-19-ға қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес тіркелді. Препарат 18 жастан асқан адамдарда COVID-19 алдын алу үшін белсенді иммундауға арналған. Препарат бұлшықет ішіне 21-ден 28 күнге дейінгі аралықпен 0,5 мл-ден екі дозамен енгізіледі», деді Ғазиз Надуев.

Басқа өңірлерге қарағанда, Маңғыстауда коронавирус инфекциясына қарсы екпе алу көрсеткіші төмен. Облыс көлемінде 18 тамызға дейін 1 компонентпен 127 237, ал 2 компонентпен – 87 974 адам егілді.

Бөлісу:
«Vero Cell» вакцинасы Маңғыстауға да жеткізілді · Egemen Qazaqstan