Экология
1 мин оқу 276
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">19 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 19 тамызда Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:

