Экономика
1 мин оқу 540
Brent маркалы мұнай бағасы арзандады
<p style="text-align: justify;">Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 66,99 долларға дейін 2,18%-ға төмендеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p> </p>

Бұл қор биржаларындағы сағат 13:00-дегі сауда алаңының мәліметтерінде көрінді. Соңғы рет Brent бағасы 24 мамырда барреліне 67 доллардан төмен болған.
Елорда уақытымен 13:25-те Brent құлдырауды тездетіп, барреліне 66,79 доллар деңгейінде саудаланды, бұл алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен 2,11%-ға төмен. WTI маркалы мұнай барреліне 63,53 долларға дейін арзандады (- 2,52%).
Бөлісу:
