Қазақстан
1 мин оқу 331

Алматыдан 464 шақырымда жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты &laquo;Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы&raquo; мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 20 тамыз күні cағат 01:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 464 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.1. MPV магнитудасы – 4.1.

Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты – 43.37° с.е. 82.62° ш.б.

Тереңдігі – 25 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ», деп жазылған кезекші оператордың хабарламасында.

Бөлісу: