Әлем
1 мин оқу 345

Вьетнамда коронавирустың жаңа толқыны басталды

<p style="text-align: justify;">Бір күн бұрын елде тәулік ішінде COVID-19 жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бір күн бұрын елде тәулік ішінде 10 654 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. 15 адам басқа елден келген.

Алдыңғы рекордтық өсім 14 тамызда тіркелді. Ол кезде бір күнде 9 716 адам вирус жұқтырған еді.

Бүгінгі таңда Вьетнамда вирус жұқтырғандар саны 312 611-ге жетті, оның ішінде 7150-і қайтыс болды.

Сонымен қатар осы уақытқа дейін елдің 94,5 миллионнан астам тұрғынының тек 15,9 миллионы вирусқа қарсы вакцинацияланды.

Бөлісу:
Вьетнамда коронавирустың жаңа толқыны басталды · Egemen Qazaqstan