Елорда
1 мин оқу 173

Карантин талаптарын бұзған 6 мекеме жауапкершілікке тартылды

<p style="text-align: justify;">19 тамызда елордалық мониторингтік топтар 6 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Алматы ауданында «F16-Zeine» кафесі, сондай-ақ «Zina» және «Tofu» мейрамханалары карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді. Байқоңыр ауданындағы «Rich» кафесі санитарлық нормаларды елемей, жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданындағы «Sheih room» барында және «Respawn» компьютерлік клубында карантин талаптары маска режимі және әлеуметтік қашықтық сақталмаған.

Есіл ауданында карантин тәртібін бұзғандардар анықталмады.

Тәртіп бұзушыларға қатысты материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.

Бөлісу:
Карантин талаптарын бұзған 6 мекеме жауапкершілікке тартылды · Egemen Qazaqstan