Қазақстан
1 мин оқу 350
Ауған студенттері Қазақстандағы оқуын жалғастыра ала ма?
<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан келген студенттер жағдай тұрақтанғаннан кейін Қазақстанда оқуын жалғастыра алатынын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазақстанда оқып жатқан ауғандық студенттер бойынша сөз қозғайтын болсақ, олардың кейбіреулері Ауғанстанға демалысқа кетті. Біз олардан оқуын жалғастырғысы келетіндігі туралы хабарлама алған болатынбыз. Бұл мәселе бақылауға алынады. Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғаннан кейін біздің елшілік міндетті түрде тиісті виза береді. Әуе қатынасы немесе басқа көлік қатынасы қайта басталған кезде олар Қазақстанда оқуын жалғастыра алады», деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ОКҚ брифингінде.
Бөлісу:
