Медицина
1 мин оқу 190

Алексей Цой егу пункттерінде қанша вакцина қалғанын айтты

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«1 тамыздан бастап коронавирус таралуының индексі 14 пайызға төмендеді. Төсек-орындардың жүктемесі 52 пайызды құрап отыр. Жансақтау бөлімі 48 пайызға толық. Вакцинация халық арасында жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 11,1 млн доза вакцина пайдаланды. Оның ішінде 6 млн-нан астам адам алғашқы компонентті, 4 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Республикаға «Синофарм» қытай вакцинасының 1 млн дозасы жеткізілді. Оның 659 мың вакцина дозасы егу пункттеріне жеткізілді. Бұл вакцинаны 38 мыңнан астам адам алды. Егу пункттерінде жалпы 1 млн-нан астам алғашқы компонент, 940 мың екінші компоненттің дозасы бар», деді ол.

Бөлісу:
Алексей Цой егу пункттерінде қанша вакцина қалғанын айтты · Egemen Qazaqstan