Күрес
1 мин оқу 292

Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Уфада күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. &nbsp;Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі финал өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта италиян Аврора Руссомен алтынға таласты.

«Бірінші кезеңде қарсылас басым түсті. Алайда, екіншісінде Раимова жеңіске жетті»,  деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Қорытынды есеп Нилуфардың пайдасына 8: 6 болды.

Бөлісу:
Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды · Egemen Qazaqstan