Ольга Рыпакованың қызы әлем чемпионатының финалына өте алмады
<p style="text-align: justify;">Кенияның Найроби қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіру жарысының іріктеу кезеңіне қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://kaz.tengrinews.kz/allsports/br-santimetr-jetped-ryipakovanyin-kyizyi-alem-chempionatyi-326203/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Tengrinews.kz </a>-ке сілтеме жасап.</p>

Біріншіліктің финалына өту үшін Рыпаковаға 1 сантиметр ғана жетпей қалған.
Айта кетейік, Анастасия - 2008, 2012, 2016 Олимпиада ойындарында күміс, алтын және қола алған Ольга Рыпакованың қызы. Токио-2020 ойындарынан Ольга Рыпакова алғаш рет жүлдесіз оралды.
