Елорда
1 мин оқу 710

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін елордада &laquo;Хан Шатыр&raquo; СОО жанындағы алаңда ел өңірлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Дәстүр бойынша маусымды Түркістан облысы ашты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

«21 тамыздан бастап қалада республика өңірлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кезекті маусымы басталды. Бүгін бізде бірінші жәрмеңкені дәстүрлі түрде оңтүстік өңір - Түркістан облысы ашады. Облыс 500 тоннаға жуық түрлі өнімдер әкелді: ет, сүт, көкөніс өнімдері және бақша дақылдары. Қаладағы жәрмеңкелер 31 қазанға дейін жалғасады», деді Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Руслан Ыдырысов.

Жәрмеңкеде өңірдің 50-ден астам өндірушілері 99 тонна ет және ет өнімдерін, 75 тонна сүт өнімін, 152 тонна көкөніс, 21 тонна жеміс-жидек, 23 тонна картоп, 20 мың дана тауық жұмыртқасын, 11 тонна балық, 2 тонна бал, 31 тонна кептірілген жемістер мен түрлі консервілерді, 8 тонна басқа өнімдерді әкелді.

«Бүгінгі жәрмеңкеге Түркістан облысының 50-ден астам тауар өндірушісі қатысады, өндірушілерден делдалсыз 500 тоннаға жуық өнім ұсынылған, сондықтан бағалар нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен», деп түсіндірді Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Айта кету керек, жәрмеңке кезінде барлық санитарлық нормалар сақталады: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы.

Бөлісу:
Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды · Egemen Qazaqstan