Әлем чемпионатында Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды
<p style="text-align: justify;">Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен Димаш Құдайбергеннің әнімен жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-при кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/frantsuzskiy-figurist-vyistupil-pod-pesnyu-dimasha-na-kazahskom-yazyike-video" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Мәнерлеп сырғанаушының видеосын Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жариялады.
«Француз Куршавелі. Жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі. Француз мәнерлеп сырғанаушысы Ян Воклен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Qairan elim» әнімен өнер көрсетті, деп жазды ол Instagram-да.
Еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 17 жастағы Воклен 112,57 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.
Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясы - Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік конькимен жүгірушілер арасындағы жыл сайынғы коммерциялық турнирлер кешені.
