Театр
2 мин оқу 190

Еуропаны тамсандырған қойылымдар – елорда төрінде

<p style="text-align: justify;">Алдағы 26 - 27 тамыз күндері Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына орай Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театры елордаға гастрольдік сапармен келіп, &laquo;Астана Опера&raquo; сахнасында өнер көрсетеді. Бұл айтулы жобаны &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.</p>

Еуропаны тамсандырған қойылымдар – елорда төрінде

Қазақ опера және балет өне­рі­нің қарашаңырағына айнал­ған театр ұжымы астана­лық­тарға ал­матылық және еуропалық көрер­мен­дердің көңілінен шыққан спек­такльдерді тарту етпек. Сөй­­тіп, қала тұрғындары мен қо­нақ­тары ұлы компо­зи­тор­лар­дың музыкасымен өрілген бірегей қо­йы­лымдардағы жаңаша көр­кем­дік шешімдегі классика-модерн кезеңіне саяхаттайды.

Айталық, өнер сапарының шымылдығы 26 тамыз күні Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсымен ашылады. Жаңа қойылым итальяндық атмосфера мен соны стильдің тал­ғампаз мәні бар күрделі сце­но­графиялық сюжет пен «уа­қыт­тан уақытқа ауысатын» қоз­ға­лыстарды қамтып, заманауи технологияны опера әлемімен үй­лестіретін бейнепроекциялармен толықтырылған.

Ал 27 тамызда жұртшы­лық­қа Ф.Шопеннің «Шопениана», И.С.Бахтың «Бах шығарма­шы­лы­ғын тану» және М.Равельдің «Болеро» үш актілі балеті ұсы­ны­лады.

Фридерик Шопеннің музыкасына қойылған «Шопениана» романтикалық балет классикасы саналады. Бұл туынды арман мен шындық арасындағы мәң­гі­лік қақтығыстар мен идеал­дықтың жетіспеушілігі бар р­о­­мантизм дәуіріне еліктеп жа­­зылған. Ал балетмейстер Гүлжан Түткібаева пластикалық образ­дардың тілі­мен Шопеннің му­зы­касына тән бей­нелерді әсер­лі жеткізеді. Қо­йылым балет әртіс­терінің «па» би қадамдары және жаңа костюмдер мен де­ко­рациялардың өзгерісінен тұ­рады.

Сондай-ақ неоклассикалық «Бах шығармашылығын тану» балеті – классицизмнің дерек­сіз деконструкциясы. Онда тың­дар­ман­ды алғашқы ноталардан музыка сұлулығымен баурап, ішкі әлем кеңістігіне жетелейді.

Испан өнерін жақсы білетін Морис Равель «Болеро» бі­ре­гей шығармасын жазуды бас­­та­ған­да, оған талантты би­ші, орыс балетінің солисі Ида Рубинштейн зор ықпал еткен. Өз кезінде Рубинштейн Париждегі «Гранд Опера» сахнасында испан кө­рі­нісінде хореографиялық композиция орындаған. Сондықтан ба­летмейстер Рикардо Амаран­те­нің қойылымындағы «Болеро» әйел затының мінсіз сұлулығы мен сезімталдығын жырлайды. Мұнда классикалық модернді сах­нада болып жатқан әр кө­рі­ністен байқайсыз, сонымен қатар бишілердің қозғалысы, де­корация мен жарықтың түсуі кө­рерменді әсем көңіл күйге бө­лейді.

Бөлісу:
Еуропаны тамсандырған қойылымдар – елорда төрінде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар