Жаңалығы көп жаңа маусым
<p style="text-align: justify;">Шымкент қалалық қуыршақ және жас­өс­пірімдер театры 1984 жылы алғаш рет Г.Лан­даудың «Ку-ка-ре-ку» спектаклімен шы­мыл­дығын ашып, бүгінге дейін үздіксіз жұ­­мыс істеп келеді. Репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымы бар театр 39-шы маусымын ашты.</p>

Жаңа маусым көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Сағыныш шөбі» қойылымымен басталды. Қазақ драматургиясының классикалық туындысы желісінде сахналанған бұл қойылым тарихи деректерге негізделіп, көрерменге ұлттық болмыс пен ерлікті, отансүйгіштікті дәріптейді. Театр 38-ші маусымында қалың көрерменді түрлі жанрдағы қойылымдармен тәнті еткен-ді. Атап айтсақ, әлемдік деңгейдегі классикалық туынды болып табылатын Н.Гогольдің «Үйлену» комедиясы, Д.Саламаттың «Қасқыр шөп жей ме?» ертегісі, М.Малдыбаеваның «Асыл шөп», А.Алтынбековтің «Рахмет саған, дәрігер!» қойылымдарының премьерасын көрерменге тарту еткен болатын.
Жаңа маусымның қойылымдарын тамашалауға келген көрермендерге карантин талаптарына сәйкес Ashyq жобасымен кіруге рұқсат етіледі. Яғни бетперде режімі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толымдылығын 30 пайыздан асырмай қызмет көрсетіледі.
Шымкент
