Ауа райы
1 мин оқу 331

Алдағы күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ аралас қысқа мерзімді жаңбыр жауады, қатты жел тұрады.

Республикамыздың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжанады: батыста түнде +17...22, күндіз +32...39 градус, солтүстікте түнде +13...18, күндіз +30...35 градус, орталықта және республикамыздың шығысында түнде +11...17, күндіз +27...33 градус, оңтүстікте түнде +15...22, күндіз +32...39 градус ыстық болады деп күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райының қандай болатыны айтылды · Egemen Qazaqstan