Қоғам
1 мин оқу 860

Отбасы күніне орай онлайн конкурс өтеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Рухани жаңғыру&raquo; қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы Отбасы күніне орай өткізілетін республикалық видеороликтердің онлайн конкурсы жөнінде айтты. Қазақстанда биыл аталмыш мереке қыркүйектің 12-де аталып өтетін болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бейнеоликтердің онлайн конкурсы екі бағыт бойынша ұйымдастырылатын болады: отбасы құндылықтарына байланысты «Отбасы құндылықтарының сандықшасы» және балаларға арналған ертегілер бойынша «Ертегілер әлемі». Әр бағыт бойынша жеңімпаздарға арналған жүлде қоры 100 мың теңгені құрайды. Конкурс тамыз айының 9 мен қыркүйек айының 9 аралығында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар 1-3 минуттық бейнероликте өз отбасының құндылықтары мен дәстүрі жөнінде немесе балаларға арналған ертегі түріндегі қысқа бейнеөнім ұсына алады.

Барлық бейнеөнімдер ресми сайт пен ҚҚДИ-дің барлық әлеуметтік желілерінде, яғни арнайы  Instagram және Facebook желілерінде ашылған @kiorotbasy2021 парақшаларында #kiorotbasy2021 #киорсемья2021 хештегтерімен орналастырылады. Онлайн конкурстың жеңімпаздары Instagram желісіндегі орналастырылған видеоның астындағы жиналған лайк санымен онлайын дауыс беру арқылы анықталады.

Видеороликтер конкурсының қорытындысы 2021 жылдың 10 қыркүйегінде белгілі болады. 

Бөлісу:
Отбасы күніне орай онлайн конкурс өтеді · Egemen Qazaqstan