Өрт сөндірушілер арасында әлем чемпионаты өтеді
<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 1-5 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XVI әлем чемпионаты және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Чемпионатқа Қазақстан, Беларусь, Словакия, Польша, Сенегал, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Монғолия, Австрия елдерінен 10 ерлер мен 5 әйелдер командасы, сондай-ақ Катар, Болгария және Сербиядан келген делегаттар қатысады.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың командалары оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуден, 100 метрлік кедергілер жолағынан өтуден, жауынгерлік қанат жаюдан және 4-тен 100 метрге дейінгі өрт эстафетасынан сынға түседі.
Әлем чемпионатының ресми ашылу салтанаты 2021 жылғы 2 қыркүйекте сағат 19:00-де Қарағанды қаласының «Шахтер» орталық стадионында өтеді. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын өткізу әлемнің түрлі елдерінің спорт ұйымдары арасында спорт саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға, өрт сөндіру-құтқару қызметі қызметкерлері мен жұмыскерлерінің кәсіби және жауынгерлік даярлығын, спорттық шеберлігін жетілдіруге, әлемдік ауқымда өрт сөндіру-құтқару спортын одан әрі дамытуға және насихаттауға бағытталған.

