Жаңалықтар
1 мин оқу 252

Иран уранды байытудың жаңа тәсілін ойлап тапты

22 01 - Iran uran baiytu

Иранның атом қуаты жөніндегі ұйымы уранды байытудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Бұл туралы ұйым басшысы Али Акбар Салехидің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Gazeta.ru хабарлады.

Жаңа тәсілдің қуаттылығы бұрынғыларға қарағанда 15 есе күшті болып шықты.

Иранның атом қуаты жөніндегі ұйым басшысы Али Акбар Салехидің айтуы бойынша, батыс елдері бұл прогресске көңілдері толмай, Ираннан ядролық бағдарламаға қатысты барлық нысандарды көрсетуін талап еткен. Алайда, кейіннен олар жаңа тәсілді мақұлдаған көрінеді.

«Біз уранды байытудың барлық тәсілімен жұмыс істейміз. Сондықтан да қазір жаңа тәсілді сынақтан өткізудеміз», – деді Али Акбар Салехи.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Gazeta.ru

Фото: Topwar.ru

Бөлісу:
Иран уранды байытудың жаңа тәсілін ойлап тапты · Egemen Qazaqstan