Кабулда Украина ұшағын ұрлап кетті
<p style="text-align: justify;">Кабулдағы украин және басқа ел азаматтарын эвакуациялау кезінде белгісіз біреулер Украина ұшағын басып алып, Иранға ұшып кетті. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы «Громадське радіо» басылымы мәлімдеді.
Сыртқы істер министрінің орынбасары өткен аптада Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба басқаратын барлық дипломатиялық қызмет апаттық сынақ режимінде жұмыс істегенін айтты.
«Өткен жексенбіде біздің ұшақты басқа адамдар басып алды. Сейсенбі күні ұшақ ұрланды - ол Украина азаматтарын шығарудың орнына, бортына белгісіз жолаушыларды отырғызып Иранға ұшып кетті», деді Енин.
