Білім
1 мин оқу 150

Ералы Тоғжанов жаңа оқу жылына бірқатар тапсырма берді

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Премьер-Министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін мынадай тапсырмалар берді:

медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;

- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;

- педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ВАК отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар  тапсырмалар берді.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Бөлісу: