Қоғам
1 мин оқу 270

Тамыз айында 854 мың адам АӘК алды

<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 177,9 мың отбасындағы 854,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

«АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

2021 жылғы 1 тамызда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 216 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантин шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

Бөлісу:
Тамыз айында 854 мың адам АӘК алды · Egemen Qazaqstan